Кепілдікке не кіреді
Ұялы құрылғылар
-
GSM-телефондар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл
-
Планшеттер
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж
-
Gear сағаты
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж
-
Galaxy Buds, сымсыз құлаққаптар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 3 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
Теледидарлар
-
LED-теледидарлар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қырғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл
-
СК-теледидарлар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл
-
Қонақ үйлерге арналған теледидарлар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 3 жыл
Өзбекстан Республикасы — 3 жыл
Тәжікстан Республикасы — 3 жыл
Қызғыз Республикасы — 3 жыл
Түрікменстан — 3 жыл
Моңғолия — 3 жыл
-
DLP проекторлар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — 2 жыл
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 3 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Үй кинотеатрлар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қызғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 5 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
Тұрмыстық техника
-
Кір жуғыш машиналар,
Кептіру машиналар-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Бұйым сатылған күннен бастап 10* немесе 20** жыл мерзіміне қосымша міндет
Кір жуғыш машиналардың инверторлық қозғалтқышына қатысты бұзылыс - Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 10 жыл - 01.01.2023 дейін және 01.04.2026 кейін сатылған құрылғылар үшін
** 20 жыл - 01.01.2023 жылдан 30.03.2026 жылға дейін сатылған құрылғылар үшін
Бұйым сатылған күннен бастап 10* немесе 20** жыл мерзіміне қосымша міндет
Кептіру машиналардың инверторлық қозғалтқышына қатысты бұзылыс - Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 10 жыл - 01.04.2026 кейін сатылған құрылғылар үшін
** 20 жыл - 01.01.2023 жылдан бастап сатылған құрылғылар үшін -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Шаңсорғыштар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Бұйым сатылған күннен бастап 10 жыл мерзіміне қосымша міндет
Бұйым сатылған күннен бастап 10* жыл мерзіміне қосымша міндет
SC07F80, VR9000, VS8000 сериясының шаңсорғыштарының инверторлық моторына қатысты – Бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 10 жыл — 01.01.2023 дейін сатылған құрылғылар үшін.
Бұйым сатылған күннен бастап 10* жыл мерзіміне қосымша міндет
Шаңсорғыштардың (POWERbot сериясын қоспағанда) инверторлық моторына қатысты – бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 10 жыл — 01.01.2023 бастап сатылған құрылғылар үшін.
Бұйым сатылған күннен бастап 2* жыл мерзіміне қосымша міндет
Jet Bot сериясының және BESPOKE Jet, Jet 85/95 шаңсорғыштарының батареясына қатысты – бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 2 жыл — 01.01.2023 бастап сатылған құрылғылар үшін.
-
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Тоңазытқыш
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Бұйым сатылған күннен бастап 10* немесе 20** жыл мерзіміне қосымша міндет
Тоңазытқыштың инверторлық компрессорына қатысты бұзылыс - Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
* 10 жыл - 01.01.2023 дейін және 01.04.2026 кейін сатылған құрылғылар үшін
** 20 жыл - 01.01.2023 жылдан 30.03.2026 жылға дейін сатылған құрылғылар үшін келесі модельдерден басқа: RB56TS754, RB50RS334, RF48A4000, RB46TS374, RB44TS134 -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Кондиционерлер
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл*
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл
*кондиционерлер үшін тегін қызмет көрсету сертификатталған Самсунг орнатушысы орнатқан жағдайда және орнату туралы мәліметтер кепілдік талонына енгізілгенде кезде ұсынылады. -
Бұйым сатылған күннен бастап 10 жыл мерзіміне қосымша міндет
Инверторлық компрессорға қатысты – бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
-
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Ыдыс жуғыш машиналары
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл*
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Ас үй сормақтары
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 5 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Тұмпапештер
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Микротолқынды пештер
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Бұйым сатылған күннен бастап 10 жыл мерзіміне қосымша міндет
Микротолқынды пештердің БИО-керамикалық жабынына қатысты – бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болған жағдайда бөлшек тегін ұсынылады. Бөлшек жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында орындалған жағдайда тегін ұсынылады.
-
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Пісіретін беттер
(электрлік)-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Пісіретін беттер
(газда)-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 7 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
-
Ауа тазартқыштар
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 1 жыл
Өзбекстан Республикасы — 1 жыл
Тәжікстан Республикасы — 1 жыл
Қызғыз Республикасы — 1 жыл
Түрікменстан — 1 жыл
Моңғолия — 1 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж -
Қолданыс мерзімі
Пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда 5 жыл. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
Мониторлар
-
LCD-мониторлары
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 2 жыл
Өзбекстан Республикасы — 2 жыл
Тәжікстан Республикасы — 2 жыл
Қызғыз Республикасы — 2 жыл
Түрікменстан — 2 жыл
Моңғолия — 2 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж
-
LFD-мониторлары
-
Кепілдік мерзімі
Қазақстан Республикасы — 3 жыл
Өзбекстан Республикасы — 3 жыл
Тәжікстан Республикасы — 3 жыл
Қызғыз Республикасы — 3 жыл
Түрікменстан — 3 жыл
Моңғолия — 3 жыл -
Тегін қызмет көрсету мерзімі
Қазақстан Республикасы — қ/ж
Өзбекстан Республикасы — қ/ж
Тәжікстан Республикасы — қ/ж
Қырғыз Республикасы — қ/ж
Түрікменстан — қ/ж
Моңғолия — қ/ж
Кепілдік міндеттемелері
Warranty Policy
ШАРТТАР
Кепілдік талондары
Әмбебап кепілдік талоны BWC2601 (PDF, 1,7 МБ)
Wear өнімдеріне арналған әмбебап кепілдік талоны WEAR2601 (PDF, 1 МБ)
• SAMSUNG КЕПІЛДІК ОРТАЛЫҒЫ
Корея Республикасы, (Мэтан-донг) 129, Самсунг-ро, Енгтонг-гу, Сувон қ., Кёнги-до мекенжайы бойынша орналасқан және Сувон қ. аудандық сотының Шығыс тіркеу бөлімінде 13.01.1969 жылы (тіркеу № 000905) тіркелген Samsung тауарларын (бұйымдарын) өндіріп шығаратын “Samsung Electronics Co., Ltd.” компаниясы («Самсунг Электроникс Ко., Лтд.»), Samsung Electronics тобының бас компаниясы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Өндіруші») Сізге бізді таңдағаныңыз үшін үлкен алғысын білдіреді. Біз аталған бұйым Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беруі үшін, ал сапасы ең үздік әлемдік үлгілерге сәйкес келуі үшін барлығын жасадық.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда, тұрмыстық техникаға – 7 жылға, ал теледидарлар, мониторлар, ас үй ауа сорғыштары, аудио-, бейнетехникаға – 5 жылға, ал GSM телефондарына, модемдерге, проекторларға – 3 жылға қолданыс мерзімдерін белгілейді. Егер бұйымның пайдаланушы нұсқаулығында өзге шектеу қойылмаса, қолданыс мерзімі бұйым жасалған күннен бастап есептеледі.
Бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін Өндіруші профилактикалық жұмыстарды жүргізу және бұйымды одан әрі қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдарды алу үшін Тіркелген қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – ТҚКО) баруға ұсынады.
Сіз Тіркелген қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ТҚКО) мекенжайларын және телефондарын «Бірыңғай қолдау қызметінің» келесі телефондарына хабарласып: Қазақстан бойынша 8-10-800-500-55-500 (елдің кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін), 7799 (ҚР ұялы байланыс операторларынан қоңырау шалу тегін) және www.samsung.com сайтынан біле аласыз. Егер сізде бұйымды пайдалануға және оның жұмыс қабілетіне байланысты қандай да бір проблемалар туындаса, біз сізге міндетті түрде ТҚКО-ға хабарласуды ұсынамыз.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге арналған барлық тауарларды тиісті елдің пайдалану шарттарын ескеріп, жасап шығарады. Егер жеткізілетін елдің заңнамасында ресми белгілерді қою көзделген болса, онда олар бұйымға және қаптамаға қойылады.
Түсініспеушіліктер орын алмас үшін Пайдаланушы нұсқаулығын, кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият, зейін қойып оқуыңызды, сондай-ақ талонның дұрыс толтырылуын тексеруіңізді сұраймыз. Кепілдік талоны тек бұйымның моделі, бұйымның сериялық нөмірі, сатылған күні, бұйымды сатқан фирманың айқын мөрлері, сатып алушының қолы дұрыс және анық көрсетілгенде ғана жарамды болады. Бұйымның моделі және сериялық нөмірі кепілдік талонында көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуі керек.
Осы шарттарды бұзған жағдайда, сондай-ақ кепілдік талонында көрсетілген деректер өзгертілген, жойылған немесе қайта жазылған жағдайда, кепілдік талоны жарамсыз болып танылады. Осы жағдайда, кепілді қызмет көрсетуді алу үшін бұйымды сатып алу күнін растайтын фискалды немесе өзге құжатты ұсыну қажет. Егер бұйымның сатылған күнін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, кепілдік мерзімі бұйым жасап шығарылған күннен бастап есептеледі.
«Самсунг Электроникc Ко., Лтд.» аталған кепілдік талоны арқылы бұйымның бұзылыстары Өндірушінің кесірінен пайда болғанын анықтаған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңда белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді өзіне алғандығын растайды. «Самсунг Электроникc Ко., Лтд.» тұтынушылар төменде көрсетілген шарттарды сақтамаған жағдайда, тұтынушылардың кепілдік міндеттемелер бойынша талаптарын қанағаттандырудан және бұйымға тегін қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Өндірушінің кепілдік міндеттемелері және тегін қызмет көрсету кепілдік міндеттемелер орындалатын және тегін қызмет көрсету жүргізілетін елдің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» кепілдік мерзімін бірінші сатып алушыға бұйым сатылған күннен бастап белгілейді және тегін қызмет көрсету мерзімін пайдалану ережелері сақталған жағдайда, 2-3 беттердегі кестеде көрсетілген кепілдік мерзімінің аяқталу күнінен бастап белгілейді. Осы ретте кепілдік мерзімі және тегін қызмет көрсету мерзімі бұйымның қолданыс мерзімімен шектеледі.
• КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы Өндірушінің кепілдік міндеттемелері тек «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» ҚР аумағына жеткізуге және сатуға арналған, ҚР аумағында сатып алынған және ҚР стандарттарына сәйкес сертификациялаудан өткен бұйымдарға таралады.
2. Тегін қызмет көрсету дегеніміз – сатып алушыдан (тұтынушыдан) қосымша ақы алмай, Өндірушінің кесірінен пайда болған бұйымның кемшіліктерін (ақауларын) жою бойынша Өндірушінің қосымша міндеті. Кондиционерлерге тегін қызмет көрсету оларды Самсунг компаниясының сертификацияланған орнатушысы орнатқан кезде және орнату туралы мәліметтер кепілдік талонына енгізілген кезде жүргізіледі.
3. Кепілдік мерзімі немесе тегін сервистік қызмет көрсету мерзімі ішінде өнімдегі жарамсыз бөліктерді (бөлшектерді, тораптарды,құрастыру бірліктерін) ауыстыру бүкіл өнімге не ауыстырылған бөліктерге жаңа кепілдік мерзімін немесе жаңа тегін сервистік қызмет көрсету мерзімін белгілеуге әкелмейді. Өндіруші өнімдерде қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) тұтынушылық қасиеттерін үнемі жетілдіріп отырады, бірқатар өнімдерге компанияның ресми ресурстарында пайдаланушыға қолжетімді бағдарламалардың/қосымшалардың көмегімен тұтынушылардың БЖ өздігінен жаңарту, сондай-ақ пайдаланушының келісімімен БЖ автоматты режимде жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өндіруші сатып алу сәтінде орнатылған немесе Өндірушінің қатысуынсыз қызмет мерзімі ішінде өзгертілген БЖ нұсқасының өнімде сақталуына жауапты емес. Өндіруші әрқашан өнімде БЖ соңғы нұсқасын пайдалануды ұсынады.
4. Өнім жиынтығына кіретін керек-жарақтарға кепілдік мерзімі келесілерді қоспағанда, негізгі өнім мерзіміне теңдестіріледі:
а) қуат көзі элементтері (батареялар), проектор шамдары және жарықтандыру шамдары, пайдаланушы нұсқаулығында жарықтандыру шамдарын ауыстыру рәсімі сипатталған өнімдер;
б) жалғау кабельдері (егер олар зарядтау құрылғысының құрамдас бөлігі болмаса), құлаққаптар, әртүрлі типтердегі ақпарат тасымалдағыштары (бағдарламалық жасақтама мен драйверлері бар дискілер, жад карталары);
в) тысқаптар, сөмкелер, белдіктер, тасымалдау баулары, монтаждау құралдары, құрал-саймандар, өнімге қоса берілетін құжаттама;
г) өніммен жиынтықта әртүрлі типтердегі ақпарат тасымалдағыштарына жеткізілетін бағдарламалық жасақтама (БЖ) және драйверлер (соның ішінде, бірақ бұнымен шектелмей, өнімнің қатты магнит дискілерінде жинақтағышқа алдын ала орнатылған БЖ), сондай-ақ бұл қажеттілік Өндірушінің кінәсінен туындаған өнім ақауынан туындаған жағдайларды қоспағанда, БЖ қайта орнату және баптау қажеттілігі.
Қосымша келесілер үшін:
а) тоңазытқыштар: иіс сіңіргіштер, ауа тазартқыштар (биодезодоризаторлар), сүзгілер, сөрелер, жәшіктер, астаулар және басқа да азық-түлік сақтауға арналған ыдыстар;
б) пештер мен микротолқынды пештер: торлар, істіктер, пісіру науашалары, керамикалық науашалар, конвекциялық тәсілмен пісіру науашалары, қуыру науашалары, су ыдыстары, буқазандар, буқазан қақпағы, буқазан тостағаны; газ ас пісіру беттері: оттық қақпақтары, оттық бөлгіштер, ыдыс-аяқтар қойғыштары;
в) шаңсорғыштар: құбыршектер, түтікшелер, щеткалар, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
г) кір жуу және ыдыс жуғыш машиналар: су жеткізетін құбыршектер;
д) кондиционерлер және ас үйлік ауа сорғыштар: сүзгілер.
5. Өндіруші келесі жағдайларда кепілдік міндеттемелерін көтермейді және өнімге тегін сервистік қызмет көрсетуді жасамайды:
а) егер жеке (тұрмыстық, отбасылық) қажеттіліктерге арналған өнім кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ тікелей мақсатына сәйкес келмейтін басқа да мақсаттар үшін пайдаланылса;
б) Пайдаланушы нұсқаулығында және өніммен жиынтықта тұтынушыға берілетін басқа құжаттамада көрсетілген өнімді пайдалану, орнату ережелері мен шарттары бұзылса;
в) өнімде біліктіліксіз жөндеу іздері болса (түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді пайдалану, Өндіруші уәкілеттік етпеген тұлғалардың өнімді ашуы және жөндеуі);
г) егер ақау бұйымның конструкциясының немесе сұлбасының өзгеруінен, Өндіруші қарастырмаған сыртқы құрылғыларды қосудан туындаса;
д) егер ақау күші еңсерілмейтін әрекеттен, жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттерінен туындаса;
е) өнімді тұтынушыға бергеннен кейін механикалық зақымданудан, ылғалдың әсерінен, жоғары немесе төмен температурадан, коррозиядан, тотығудан, бөгде нәрселердің, заттардың, басқа сұйықтықтардың, жәндіктердің немесе жануарлардың түсуінен туындаған ақаулар анықталса;
ж) аудио-бейне бастиектерді, әртүрлі типтердегі тасымалдағыштардан ақпаратты оқуға арналған жетектерді тазалау қажет болса;
з) егер зақымданулар (кемшіліктер) компьютерлік вирустардың және ұқсас бағдарламалардың әсерінен; өнімнің құпия сөздерін (кодтарын) орнату, өзгерту немесе жоюдан, өнімнің алдын ала орнатылған БЖ жетілдіруден және (немесе) қайта орнатудан, үшінші өндірушілердің (түпнұсқалық емес) БЖ орнатудан және пайдаланудан, жинақтағыштарды қатты магнит дискілерінде пішімдеуден, сервистік кодтарды пайдаланудан туындаса;
и) егер ақау өнімді пайдалану кезінде табиғи тозу салдарынан пайда болса. Бұл ретте табиғи тозу деп осы өнімді ұзақ уақыт пайдалану салдарынан олардың техникалық жай-күйі мен сыртқы түрінің нашарлауына әкеп соққан бұйымды пайдаланудың салдары түсініледі;
к) егер зақымданулар (кемшіліктер) қоректендіруші, кабельдік, телекоммуникация желілерінің, радиосигнал күшінің стандарттарға немесе техникалық регламенттерге сәйкес келмеуінен туындаса, оның ішінде жер бедерінің ерекшеліктеріне және басқа да осыған ұқсас сыртқы факторларға байланысты болса, өнімді шекарада немесе желі қамту аймағынан тыс пайдаланудан, өнімге басқа сәйкес емес немесе жарамсыз сыртқы құрылғыларды қосудан туындаса;
л) егер зақымдану стандартты емес (түпнұсқалық емес) және (немесе) сапасыз (бүлінген) шығын материалдарын, керек- жарақтарды, қосалқы бөлшектерді, қуат көзі элементтерін, әртүрлі типтердегі тасымалдағыштарды (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, аудио-, бейне кассеталарды, CD, DVD, жад карталарын, SIM карталарын, картридждерді) пайдаланудан туындаса;
м) егер кемшіліктер үлеспейтін мазмұнды (әуендер, графикалық, бейне және басқа файлдар, Java қосымшалары және ұқсас бағдарламалар) алу, орнату және пайдалану нәтижесінде туындаса;
н) өнімнің таңбалау заттаңбаларында көрсетілген деректер түзетілсе, өшірілсе, сондай-ақ өнімде таңбалау заттаңбалары болмаған жағдайда;
о) кәсіби дисплейдің (LFD) мақұлданбаған қорғаныс қорабы пайдаланылса;
п) өніммен бірге берілетін пайдаланушы немесе иеленуші нұсқаулығында бар қолдану және техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтарын кез келген сақталмауы нәтижесінде пайда болған кез келген зақым.
6. Бұл өнімдерді (ТВ, Монитор) коммерциялық және іскерлік ортада пайдалануға тыйым салынады және бұл келесі шектеулерді қамтиды: жаңалықтар хабарламаларын, кестелер сияқты статикалық немесе тиянақты кескіндерді, сондай-ақ тұрақты қара жолақтары бар 4:3 пішіміндегі суреттерді немесе бейне мазмұнын үздіксіз немесе әдейі ұзақ мерзімді көрсетуін кез келген коммерциялық мақсатта пайдалану, пайда немесе қаржылық пайда алу үшін кез келген пайдалану, клубтарда, барларда және мейрамханаларда көпшілікке көрсету.
7. Қоса берілген құжаттамада сипатталған өнімді баптауды және орнатуды (құрастыру, қосу және т.б.) пайдаланушының өзі де, сәйкес бейіні бар АСО мен сатушы фирмалардың мамандары да (ақылы негізде) жүзеге асыра алады. Бұл ретте орнатудың (баптаудың) дұрыстығы мен сапасына өнімді орнатқан адам (ұйым) жауапты болады. Өнімнің сенімді жұмыс істеуі үшін де, кепілдік пен тегін сервистік қызмет көрсетуді алу үшін де оны дұрыс орнату маңыздылығына назар аударуыңызды сұраймыз.
8. Ұялы телефонның немесе басқа сандық құрылғылардың жадында сақталатын барлық деректердің резервтік көшірмесін сыртқы ақпарат тасымалдағышына жасауды ұсынамыз.
9. «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» егер бұл өнімді пайдалану, орнату ережелері мен шарттарын сақтамау, сатып алушының (тұтынушының) немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеттері нәтижесінде орын алса, адамдарға, үй жануарларына, мүлікке өнімнің тікелей немесе жанама түрде келтірілген ықтимал зиян үшін жауапты емес. Сондай-ақ «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» деректер мен ақпараттың жоғалуы, бүлінуі немесе өзгеруі нәтижесінде тиісті мақсаттағы өніммен тікелей немесе жанама келтірілген ықтимал зиян үшін жауапты емес.
• ӨНДІРУШІНІҢ ҚОСЫМША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Өндіруші кір жуғыш машиналардың DD қозғалтқышына және инверторлық моторына, тоңазытқыштардың және кондиционерлердің инверторлық компрессорына, микротолқынды пештердің БИО-керамикалық жабынына, SC07F80 сериясының шаңсорғыштарының инверторлық моторына қатысты қосымша міндеттемелерді бұйым сатылған күннен бастап 10 жыл мерзіміне орнатты (бұзылыс Өндірушінің кесірінен пайда болса, бөлшек тегін ұсынылады). Егер жөндеу жұмыстары тіркелген қызмет көрсету орталығында жүргізілген болса, бөлшек тегін ұсынылатын болады.
• БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Samsung өнімдерін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Егер сізде пайдалануға байланысты қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса немесе көмек керек болса, Сіз сатушыға немесе Samsung бірыңғай қолдау қызметіне жүгіне аласыз:
Интернетте:
Келесі мекенжай бойынша: www.samsung.com/kz_kz/support компания сайтының «Қолдау» бөлімінде мыналар қол жетімді: анықтамалық материалдар, бағдарламалық жасақтама, пайдалану бойынша кеңестер, бейне нұсқаулықтар, онлайн кеңес беру, кері байланыс формалары;
телефон бойынша:
ҚАЗАҚСТАН..............................8-10-800-500-55-500 (GSM: 7799)
* кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін хат жолдау арқылы:
«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ). Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.
Сіз Samsung өнімдері туралы толығырақ ақпаратты компанияның www.samsung.com ресми сайтында таба аласыз.
• ЖАСАП ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНДІ АНЫҚТАУ
Жасалған күні бұйымның сериялық нөмірінде код ретінде жазылған, мысалы: 1XW234567S
Соңғы таңба (S) – бақылау әріпі (кейде болмауы да мүмкін);
Соңғы бес сан (34567) – нақты сериялық нөмірі;
Соңынан санағанда алтыншы таңба (2) – бұйымның жасап шығарылған айы;
Соңынан санағанда жетінші таңба (W) – бұйымның жасап шығарылған жылы;
Алдында тағы 3 таңбадан 7 таңбаға дейін болуы мүмкін.
АЙДЫ КОД РЕТІНДЕ ЖАЗУ: 1 … 9 нөмірлері тәртіп бойынша (қаңтар…қыркүйек), А – қазан, В – қараша, С – желтоқсан.
ЖЫЛДЫ КОД РЕТІНДЕ ЖАЗУ: F-2014, G-2015, H-2016, J-2017, K-2018, M-2019, N-2020, R-2021, T-2022, W-2023, X-2024, Y-2025, L-2026, P-2027, Q-2028, S-2029, Z-2030.
Құрылғыларды (смартфондарды, планшеттерді, киіп жүретін құрылғыларды) шетелде жөндеу.
Төменде берілген ақпарат ұсыным сипатына ие және, атап айтқанда, тек қана тұтынушыларды құрылғыларын шетелде жөндеу туралы хабардар етуге арналған.
Samsung смартфондарға, планшеттерге және киіп жүретін құрылғыларға сервистік қызмет көрсетуді құрылғы алғаш сатылған елмен шектейді.
Құрылғы сатуға арналған елде төлеуді/сатып алуды растайтын чек немесе басқа құжат болған жағдайда ғана жөндеу мүмкін болады.
Дегенмен, құрылғыңызды жөндегіңіз келетін елден басқа елде сатып алынған Samsung смартфонына, планшетіне немесе киіп жүретін құрылғысына сервистік қызмет көрсету қажет болса (немесе Samsung смартфоны, планшеті немесе киіп жүретін құрылғысына сервистік қызмет көрсету қажет болса) Samsung авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласып, құрылғыңызды жөндеуге болатынын не болмайтынын біле аласыз.
- Құрылғы алғаш сатылған елде қолданылатын кепілдік мерзіміне қарамастан 1 жылдық мерзімге шектеулі кепілдік қолданылады.
- Жөндеу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін, өйткені қосалқы бөлшектерді сатып алу қажет болуы мүмкін немесе сервистік қызмет көрсету тек сатылатын елде ұсынылуы мүмкін.
- Кепілдік қолданылмаған жағдайда, жөндеу шығындар тудыруы мүмкін, ал оның құны елге байланысты әртүрлі болады және құрылғы алғаш сатылған елдегі жөндеу құнынан өзгеше болуы мүмкін.
- Құрылғыны қайтару/айырбастау және ақшалай қаражатты қайтару тек құрылғы алғаш сатылған елде ғана мүмкін болады.
- Құрылғы алғаш сатылған елден тыс жерде қосалқы құрылғыларға, мысалы, аккумуляторларға, зарядтау құрылғыларына және тысқаптарға сервистік қызмет көрсету ұсынылмайды.
Бұл бетте берілген ақпарат «жария оферта» болып табылмайды.